01-07-2018
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі биылдан бастап «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілгенді. 2018 жылдың 1 шілдесі «Ұлттық домбыра» күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты республикалық акциясы аясында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы бірінші шілде күні Өскемен қаласының Ворошилов көшесінде орналасқан МЖЖА (БСМП) перзентханасы мен Утепов көшесіндегі Ана мен бала орталығында бірінші болып дүниеге келген сәбиге салтанатты түрде домбыра табыстау рәсімі өтті.
Ворошилова көшесінде орналасқан пензентханада Өскемен қаласының тұрғыны Пазылова Еркежан бірінші шілде күні бірінші болып шекесі торсықтай ұл дүниеге алып келді. Ал Утепов көшесінде орналасқан перзентқанада Өскемен қаласының тұрғыны Бабаханова Гүльназ үшін де аталмыш мерекенің қуанышы екі еселенді десек артық айтқандық емес. Айтулы күнде моншақты қыз дүние есігін ашты. Қуанышты сәтке орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық акциясы шеңберінде ұлы даланың кішкентай ғана перзентіне, дүние есігін енді ашқан бүлдіршіндерге Өскемен қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.С. Аухадиев ақ батасын беріп, қоңыр үнді бабалардың көзіндей болған киелі домбыраны арнайы табыстады.
Шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы директорының міндетін атқарушы Л.М. Жұмашева, қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.А. Аухадиев, Мұсылман әйелдері қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Гүлшат Смағұлова қатысты.
Шараның басты мақсаты - Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту.