01-10-2024
Айдынова Назерке Айдынқызы, ШҚО Ассамблея театрының көркемдік жетекшісі
6 қазан күні елімізде (АЭС) құрылысына қатысты референдум өтеді. Бұл – елдің энергетикалық болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын күн. Әрбір азаматтың пікірі еліміздің дамуы мен энергия көздерін таңдауында маңызды рөл атқарады. Сондықтан, әрқайсымыз бұл тақырыпқа байыппен қарап, қажетті ақпаратпен танысып, өз пікірімізді еркін білдіруіміз керек. Референдумда дауыс беру – әр азаматтың құқығы мен жауапкершілігі деп ойлаймын. Барлығыңызға өз таңдауыңызды саналы түрде жасауға шақырамыз!