01-09-2021
Цис Роза Алитдиновна
Активистка татарского культурного центра
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы өткізілетін кезекті жолдауын жасады.
Жолдауда Қазақстан үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың бірі Қазақстан үшін пандемияның салдары мәселесі. Пандемия кезеңі біздің елімізге ғана емес, бүкіләлемге ауыр тигені сөзсіз. «Мемлекеттік қарыздың аздығының арқасында Қазақстан пандемия салдарын сәтті еңсеруде» - деп айтып өтті Президент. Пандемиямен күресу жолында екпе алудың маңыздылығын аңғарып, екпе алуға қарсы үгіттеу жүргізгендердің жетегінде кетпеген жөн екені айтылды. Әрине, вакциналану процесі біздің еліміз үшін өте маңызды. Екпе арқылы ортақ иммунитет қалыптастырған жағдайда ғана біз жарқын болашаққа сене аламыз.
Президент білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, мемлекетіміздегі мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды.
Президент қазақ тілінің маңыздылығын да сөз етті. "Бірлігіміз - әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды", - дейді Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, оларды шешудің өзекті жолдары ұсынылды. Қорытындылай келе, әрбір азаматтың өз елінің өркендеуі үшін жауапкершілігі күшейтілуі тиіс. Күш біріктіргенде ғана біз жарқын болашаққа жетеміз. Әрбір жеке азамат біздің еліміздің ажырамас бөлігі болып табылады және өзінің күнделікті еңбегімен еліміздің гүлденуіне баға жетпес үлес қоса алады! Барлығы біздің қолымызда, бірлік пен ынтымақ, даналық пен өзара түсіністік – қуатты әрі гүлденген мемлекеттің төрт тірегі!