«Барвинок» ансамблінің концерті

14-08-2014

«Барвинок» ансамблінің концерті

2013 жылдың 7 наурызы күні Облыстық Достық үйінің украин этномәдени бірлестігінің «Барвинок» ансамблі №34 орта мектепте 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт берді. Концерттік бағдарламада махаббат, көктем туралы әндер шырқалды. «Барвинок» ансамблі №34 орта мектептінің барша әйелдері мен мұғалімдеріне тамаша көктемгі шуақты көңіл күй сыйлады. Өз кезектерінде мұғалімдер қауымы «Барвинок» ансамбліне, осы көктемгі әдемі мерекеде қуанышты сәт пен тамаша әндер сыйлағаны үшін зор алғыстарын білдірді.Меркеге 40 адам қатысты. Облыстық Достық үйі