Белорус этномәдени бірлестігінің «Дети войны» атты ашық сабағы.
20-04-2015
Белорус этномәдени бірлестігінің «Дети войны» атты ашық сабағы.
2015 жылғы 19 сәуір күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында белорусс этномәдени бірлестігінің 15-жылдығы , Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арналған белорусс этномәдени бірлестігінің «Дети войны» атты тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабаққа «Возрождение» мектебінің оқушылары, этномәдени бірлестік өкілдері мен соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлері қатысты.
Іс – шара бағдарламасында «Крынічка» ансамблі әскери және соғыстан кейінгі әндерді орындап, Ұлы Отан соғысы күндері туралы естелік слайдттар көрсетіліп, оқушылар монологтар оқыды. Бұл монологтар Белорусияда дүниеге келген, осы қайғылы хабарға шейін бақытты балалық шақтары өткен белорусс этномәдени бірлестігінің мүшелеріне арналған. Соңында оқушылар ардагерлерге гүлдер табыстады.
Ашық сабақ соңында «Возрождение» мектебінің директоры Г.К.Габдулина белорусс этномәдени бірлестігінің ұжымына алғысын білдіріп, оқушыларға алғыс хаттар табыстады.
Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы