«Белоруссиялық отырыстар»

02-11-2021

«Белоруссиялық отырыстар»

Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Беларусь халқы өнегелі сөзді арқау ете отырып, бабалардың  мирас етіп қалдырған рухани бай мұрасы мен құндылықтарың жас өскелен ұрпақтарға насихаттап, мәдениет ұлттың мәйегі екенің дәлелдеп, елдік рухани мүдделерін  жаңғыртып жатыр.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында көрерменге сан алуан шығармашылық нөмірлерімен, жоғары шеберлігімен және жақсы көңіл-күйімен есте қалған «Белоруссиялық отырыстар» өткізілді. 

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының сүйікті әртістері «Крынiчка» вокалдық ансамблі  «Купалинка»  әнімен концерт шымылдығын ашты. Сондай-ақ, көрермен назарына «Крынiчка»  вокалды ансамблінің орындауында «Чаму ж мне ня пець…», «Ехаў Ясь на кані» және «Цячэ вада у ярок» сияқты жігерлі және көңілді әндер шырқалды. Сонымен қатар, сахна төрінде белорустардың классикалық, халықтық музыкалық шығармалары орындалды.

Сан алуан дәстүрлі беларусь тағамдары «Белоруссиялық отырыстар»  дастарханың көркін артыра түсті.

Көз жауын алған концерттік нөмірлер, барлығына таныс мотивтер, шығармашылық ұжымдар – көрермендер жақсы көңіл – күй сыйлағандары үшін  ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.