Белорустар Полоцк қаласы туралы айтты

22-02-2023

Белорустар Полоцк қаласы туралы айтты

«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» Беларусь этно-мәдени бірлестігінің Полоцк қаласына арналған концерті өтті.

«Біз төл мәдениетіміздің, руханиятымыздың бастауын сақтап, қорғауға тиіспіз. Біз сіздерді Полоцк қаласымен таныстыруды жалғастырамыз. Беларусь еліндегі ең көне қала.  Бұл қаланы Беларусь жерінің патриархы деп атайды, оның құрылғанына 1160 жылдан асты», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 Іс-шара қонақтары Беларусь мемлекетінің атасы саналатын Полоцк қаласы туралы, кітап баспасының дүниеге келуі және Беларусь тарихына енген тұлғалар туралы көптеген мәліметтер алды.

Әдетке айналған дәстүр бойынша шығармашылық ұжымдардың орындауындағы патриоттық әндер шырқау, мерекелік концерттің көркін толықтыра түсті.  Тарих пен патриотизмнің тоғысуы жұртшылық арасында жылы сезім тудырды..