11-10-2022
Достық үйінде “Беловодье” халықаралық фестивалі өтті. Биылғы Фестиваль Достық үйінің 30 жылдығын және Шығыс Қазақстан славян мәдениеті қоғамының 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға тек қоғам өкілдері ғана емес, ШҚО-ның басқа аудандарынан, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің түрлі қалаларынан келген қонақтар қатысты.
Фестивальдің концерттік бағдарламасы ұмытылмас болды, өйткені дәстүрлі фестиваль халықаралық ауқымдағы таланттарды біріктірді. Көрермендерге славян мәдениеті әлеміне ену бақыты бұйырды.
“Осы сиқырлы мерекені ұйымдастырғаныңыз үшін көп рақмет. Аға буын өкілі ретінде жастарды ансамбльдердің әндерімен еске алу мені үлкен қуанышқа бөледі”, - деп өз эмоцияларымен бөлісті іс-шара қонағы.
Іс – шара Достық үйінің басшысы - Эльдар Төлеубековтың сөзімен аяқталды: “Біздің мемлекетіміз әртүрлі ұлт өкілдерінің өз тілін, мәдениетін, өзіндік ерекшелігін дамытуға мүмкіндік беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды”, - деп атап өтті ол.