«Беловодье» XI халықаралық фестивалі.

14-08-2014

«Беловодье» XI халықаралық фестивалі.

Ағымдағы жылдың 31 мамыры мен 1 маусымы аралығында облыс әкімінің қолдауымен Облыстық Достық үйі және облыстық славян мәдениеті қоғамы «Беловодье» XI xалықаралық дәстүрлі орыс фольклорлық фестивалін өткізді. Фестивальға Қазақстан мен Ресейден атап айтсақ, Барнаул, Новосибирск, Новоалтайск, Кемеров, Воронеж, Алматы және тағы басқа қалалардан 22 фольклорлық ұжым қатысты. Бұл фестивальде Шығыс Қазақстаннан Өскемен қаласының, Глубокое, Шемонаиха, Зырянь, Ұлан аудандарының хор ұжымдары кеңінен танылды.Фестивальді өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени мұрасын сақтау, Қазақстан мен Ресей мәдениеті аясында шекаралық ынтымақтастықты дамыту, достық пен келісімді нығайту.Фестивальдің алғашқы күні Облыстық Достық үйінде қонақтардың қатысуымен баспа-конференциясы өткізіліп, оған облысымыздағы БАҚ өкілдері шақырылды. Облыс қонақтары этноауылда өткен фестивальдің ашылу салтанатының концерттік бағдарламасына қатысып, этноауылды тамашалап, таңданыстарын жасырмады. Бұдан соң олар облыстық театрында өткен Облыстық Достық үйінің «Бастеньки» фольклорлық ансамблінің 25-жылдығын мерекелеуге қатысты.1 маусым Балаларды қорғау күні қонақтар қаламыздағы облыстық Достық үйінің, ММҮ алдындағы сахналық алаңдарда қала жұтшылығына концерт берді. Сағат 15.00-де ММҮ өткен гала-концертте фестивальдің қортындысы шығарылып, қатысушыларды дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.Фестивальға қатысушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Б.Көшербаев қабылдады.Қонақтар қаламыздағы мұражайларды, Облыстық Достық үйін, басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап танысты. Облыстық Достық үйі