Баға жетпес өнер

14-06-2021

Баға жетпес өнер

Қолөнер - бұл уақыт өте келе құндылығын жоғалтпайтын, керісінше жаңа түстермен ойнайтын өнер түрі. Қолмен жұмыс бүгінгі күнге дейін жоғары бағаланып келеді.

«Айша бибі» қазақ Әлеуметтік-мәдени орталығының белсендісі Төлеубаева Күләш Хамитқызы көп жылдан бері шығармашылықпен айналысып, ұлттық нақыштағы жауһарлар жасауда. Киізбен жұмыс істеудің түрлі әдістерін игере отырып, ол өз шеберлігін жас ұрпақтың өкілдеріне беруге тырысады.

«Мен ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын халық арасында жеткізу үшін қазақтың байырғы қолөнерін кеңінен насихаттаймын. Сонымен қатар, игерілген дағдылар үй ошағының сақтаушыларына интерьерге жылулық пен жайлылық қосуға көмектеседі», - дейді «Айша бибі» орталығының белсендісі Күләш Хамитқызы.

Шынында да, егер сіз киізбен, маталармен және ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің басқа да атрибуттарымен жұмыс жасауды білсеңіз, киіз басу мен тоқуды игерсеңіз, онда күнделікті өмірдегі жұмыстар қызықты болып көрінеді. Әрі өз стиліңізге ие бола отырып, сән саласынан әрқашан хабардар болып отырасыз.

Күләш Хамитқызы барлық тілек білдірушілерге сырмақтар - түрлі-түсті жекелеген кесектерден жасалатын өрнекті кілемдер, кішкентай көрпелер мен орындықтарға арналған бірегей құрақ-көрпелер, ал киіз осы бұйымдардың барлығына шикізат ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар, белсенділердің жұмыстары әртүрлі тақырыптық көрмелердің «қатысушылары» болып табылады және әрдайым көпшіліктің жағымды пікірлерін алады.