Бесқарағайлық әріптестерімізден мәдени сыйлық

14-08-2014

Бесқарағайлық әріптестерімізден мәдени сыйлық

Бізге мәлім, Шығыс Қазақстан облысының Облыстық Достық үйі белсенді қатысушылары болып саналады. Этномәдени қауымдастықты нығайтып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында, қала және райондарда әр-түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, ШҚО мәдениет басқармасы әр сенбіде, Өскемен қаласының сол жақ жағалаудағы Этноауылда, Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттері өткізіліп тұрады. 27 шілде күні Бесқарағай Достық үйінің шығармашылық концерті өтті. Іс-шара бағдарламасына он беске таман вокалдық және би нөмірлері кірді. «Асыл әжелер» вокалдық тобының орындауында қазақтың «Айттым салем Қаламқас», «Астана» және «Арыс жағасында» әндері орындалды. «Чародеи» би ансамбілінің жас әртісі «Домбыраның үні» атты биін орындады. Жас вокалдық топтар қазақтың ұлттық әні мен биін шынайы өз нақышында тамаша жеткізді. «Асыл әжелер» тобының әншісі Күляш Нұрсеитова Қазақстан халқына өзінің өлеңін жеткізді. Концерттің өткізілуі кезінде басқа ұлттардың да мәдениетін дәріптеген нөмірлер баршылық болды. «Асыл әжелер» тобы орыстың ұлттық әні «Рябинушка», «Ах, Самара, городок» және өзбектің әуенді әні «Айатчанды» орындап, көрерменнің көңілінен шықты. Бесқарағайдағы Достық үйі Славян ЭМБ өкілі Галина Баюн «Отговорила роща золотая» романсынан үзінді оқумен қатар «Погода в доме» хитын орындап, іс-шараны атмосфералық күйге келтірді. Гүлбаршын Басшыбекова чех ұлттық әні «Танцуй, танцуй» әнін орындап көрерменнің көзайымына айналса, «Чародеи» ансамблінің мың бұралған бишілері «Долина фараонов» және «Латина» сынды шетелдік билерді биледі. Сонымен қатар «Китайские узоры» және жігерлі, әуенді «Закарпатский» қиыршығыстық үлгідегі билерді де нақтылы түрде жүзеге асырды. Концертке қатысқан барлық қатысушылар Бесқарағайдың гимнін орындау арқылы іс-шараны аяқтады. Бесқарағай ауданының Достық үйі этномәдени бірлестігінің өкілі көрермен қауымға әр түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары әзірленген дастархан жайды.Бұл дастарханнан кез-келген тәтті тағамдарды – тәтті тоқаштар, бауырсақ, ғажайып балбауырсақ және т.б. ас түрлерін кездестіруге болады. «Кәмпит шашу» рәсімі кезінде кішкене балаларға ерекше әсер етті. Жүздеріне күлкі келіп, қуанышқа бөленді. Облыстық Достық үйінің директорының орынбасары Оксана Доценко айтулы іс-шараны ұйымдастырып жатқан ұйымға, көрермен қауымға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Көрген іс-шаралық концерттен көрермендер де ризашылықтарын білдірді. Бұған жауап ретінде Бесқарағай ауданының Достық үйі бізді қонақжай өлкелеріне келіп, қонақ болуымызды сұрады. Облыстық Достық үйі