Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік полк»

09-05-2018

Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік полк»

2018 жылдың 9 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік полк» кең ауқымды акциясына қатысты.

Жеңіс күнін мерекелеудің аясында өтетін аталмыш акция Отан үшін ұрыс даласында жан қиған майдангерлерді, сонымен қатар соғыстан оралып, бейбіт өмірде ел дамуына үлес қосып, өмірден өткен ардагерлерді де еске алу мақсатында жүзеге асырылып отыр. 

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері соғыс жылдарында қаза тапқан Шығыс Қазақстандықтардың рухына тағзым етіп,  мәңгілік алау монументіне гүл шоғын қойды.