Жастарды отан сүйгiштiк тәрбиелеу бағыты сұрақтардың бiрi болып табылады. Отан сүйгiштiк тәрбиесiн насихаттау мақсатында, Облыстық ардагерлер кеңесі, Қазақстан халқы Ассмблеясы отан сүйгiштiк тәрбиесiнiң насихаттау мақсатында лектория өткiздi, «Азаматтық пен отансүйгіштікті тәрбиелеу» лекториясында, дәрiгерлер және облыстың жоғары оқу орындарының ғылым кандидаттары лектор ретiнде сөз сөйлейдi.
11 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Шик Л.Б мүшелігінде, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ беделді профессоры И.А. Полторанин, ШҚМУ профессоры Л.У. Аубакирова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, қызметтен кеткен П.Е.Рытов, АББ әдіскері З.Р.Құланбаева және Глубокий ауданының Достық үйінің директоры М.Я. Пекур лекторлық топ құрып, ауданның бірнеше мектептерін аралап шықты. Аға оқытушылар №2 Уваров, Прогрессов, Глубокий, Предгорный орта мектептерінде және О. Бөкей атындағы мектепте болды.
Ерекше сәлеммен: «Сәлем, бей таныс жастар» өз сөзін мәнерлі нақышпен Егоров А.И. бастады. Соның сөзінен кейін он шақты көздер тек соған үңіле қарады. Ұлы Отан Соғысы күндері жайлы Александр Иванович мәнерлеп нақышына келтіре отырып айтты. Батырлардың күші мен жігері жайлы. Соңында жан дүниені тіршіктірер кейде көңіл көтерер өлеңдерін оқыды.
Профессор Полтаранин жоғалған адамдарды іздестіруге шақырды. Соғыс уақытында қаза болғандармен қатар қанша адамдар белгісіз жолғалғандығын мысалға ала отырып, Иван Аникеевич 1942 жылы өзінің із түссіз жоғалған әкесін іздегені жайлы баяндады.
Ауғаныстан соғыс әрекеттерінің қатысушысы Петр Евгеньевич Рытов, лекцияны Мәскеу астындағы соғыс жайлы мәселесімен аяқтады. Маресьев, Гастелло, Матросов және т.б. сияқты ерлердің, батырларлық ерліктерін қайталағаны жайлы статистикалық мәліметтерді оқыды. Кездесудің ең маңызды ұраны: «Білу, еске сақтау, мақтану» болды. Оқушылар соғыс жайлы мәліметтерді тыңдағанша, оқытушылар үшін ШҚМУ профессоры Аубакирова Л.Р, тәрбие туралы баяндаманы оқыды. Осы сөздің шығу тегі жайлы, тәрбилеу үрдісінің ретін айта кетіп, Ленста Рахымжанқызы қиын балаларды тәрбиелеу мәселесіне көшті. Осы баяндаманың барлық бүге шүгесіне мән қойып, профессор сол саладағы оқытушылармен өз тәжірибесі және құпияларымен бөлісті.
Сол күні кім жақсы әсерге бөлінгенін айту қиын болады, әрине қонақтар да , оқытушылар да іс – сапарға өте риза болды. Делегация мүшелері әр мектепте соғыс атағының стендетерін көрсетті, сонымен қатар Н.К. Крупская атындағы Глубокий ауданының мектебінде сыйлық ретінде «Из одного металла льют медаль - за бой, медаль - за труд» атты соғыс жайлы мәліметтер жиынтығын мағлұмат еткен отансүйгіш «Мұрагер» жасағы шығарған кітабын сыйға тартты.



