03.05.2011 жылы Өскемен қаласының облыстық Достық үйінде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассаблеясы хатшылығының меңгерушісі Аязбаев Ерлікбек Мухатайұлы қолдауымен, Шығыс Қазақстан «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанатына байланысты кеш өтті. Шығыс Қазақстан «Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шүршітбай Бейбітгул, сонымен қатар ұйым мүшелері Ерен Алмаз, Шүршітбай Майра
Қоғамдық-саяси- шараға елуден астам студенттер мен жастар, ал қонақ ретінде Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, жастар саясатымен айналысып жүрген айтыскер ақын Нұртай Тілеужанұлы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы Жігер Құрмет, Зорький Зердехан сынды азаматтар қатысты.
«Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігіні мақсаты: Мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени еркіндігі мен құқығын ұйымдасқан түрде қорғау, жерлес студенттердің белсенділігін дамыту, олардың арасында мәдени адамгершілік байланыс орнату, оқытудың жағдайын жақсарту болып табылады. Аязбаев Еркінбек Мухатайұлы қазіргі жастар саясаты туралы және Ел басының жастарға артып ортырған үміті жайлы айтып өтті.
Ұлан аудандық мәслихатының депутаты, жастар саясатымен айналысып жүрген айтыскер ақын Нұртай Тилеужанұлы: «Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда» дегендей қазіргі таңда Қазақстанның болашағы болып табылатын жастарымыздың осындай ізгі ниетпен игі шара ұйымдастырып жатқандығы өте қуантарлық жайт деп ағынан жарыла ризашылығын білдіріп, ән шәшу орындап берді. Ал С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасының оқытушысы Шуршитбай Майраның айтуы бойынша болашақ жастарымыздың қолында, ал қазіргі таңда студент жастарымыздың талаптары зор, ойлары ұшқыр. Еркін ойлайтын, еркін сөйлейтін саналы жастарымыз құдайға шүкір жоқ емес бар? Неге солармен бірге жұмыс істемеске? Абай атамыз «сенде бір-кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан», дегендей біздің ойымыз, мақсатымыз болашақта Қазақстанымыздың дамуына, биік белестерден көрінуіне үлес қосатын азаматтарымызды қоғамдық жұмыстарға өздерінің үлестерін қосуға шақыру, жастар арасындағы өзекті мәселелерге байланысты ұсыныстарын талқылай отырып, ол мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің әнші студенттері Болат Ерлан, Озатбек Орынбек, Ахмадиев Мерей ән шырқаса, жас 1-сынып оқушысы Қаркынқызы Аяулым сынды қызымыз да өнерінмен салтанатты кештің ажарын ашты.
Облыстық Достық үйі

