«Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан» !

30-04-2015

«Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан» !

         2015 жылдың 28 сәуірі күні қаламыздағы «Еркетай» балабақшасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Мерекеде балабақша тәрбиеленушілері өзге ұлттардың  киімдерінде өз өнерлерін ортаға салды.          Мерекелік бағдарлама сиқырлы калейдоскоп сияқты,  бірін-бірі алма кезек түрлі - түсті  бояуға алмастырған музыкалық нөмірлер, достық  мерекесінің  ажарын аша түсті.          Шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Кругозор» жастар орталығы, «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің «Ақниет» ансамблі, белорусс этномәдени бірлестігінің «Крынічка» ансамблі қатысты. Шығармашылық ұжымдар халық әндерін шырқап, бүлдіршіндермен бірге ұлттық  ойындарын ойнады.