«Біз біргеміз» - ашық сабағы.

02-10-2015

«Біз біргеміз» - ашық сабағы.

 «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған, халықаралық Нұр Орда мектеп-лицейінде «Біз біргеміз»-атты ашық сабақ өтті. Бұл сабаққа «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» этномәдени бірлестік өкілдері шақырылды. Олар өз этностарының салт-дәстүрлерін, мәдениетін көрнекті және қызықты түрде айтып берді, сонымен қатар «Ақниет» ансамбілінің мүшесі Майра Мүбаракқызы балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Қазақтай ел бар ма?» әнін тарту етті. Сабақ барысында оқушылар қызығушылық білдіріп қонақтарға алуан түрлі сұрақтар қойды. Өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі, патриоттық сезім, халық бірлігі, мемлекеттік тіл маңызы туралы өзекті мәселелер шеңберіндегі сұрақтарға толығымен жауаптар алынды. Оқушылар өздерінің қызықты концерттік бағдарламаларын көрсетіп жиналғандардың көңілін көтерді, ал сабақ соңында қонақтарға естелік сыйлықтар сыйланды.