29 сәуір күні Астана қаласының Тәуілсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жаңа мерзімге қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша 97,75% сайлаушылар Елбасымызға дауыс берген.
Ұлықтау рәсіміне орай Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының ұжымы, этномәдени бірлестік өкілдері және БАҚ мүшелері жиналып, тікелей эфирден көрсетілген рәсімде Елбасымызға қолдау көрсетті.
Өткен сайлау Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жарқын болашаққа сенетін бір ел екенін тағы да бір рет дәлелдеді.