«Біздің күшіміз бірлікте» фестивалі

14-08-2014

«Біздің күшіміз бірлікте» фестивалі

2011 жылдың 15 сәуірінде №20 мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына арналған «Біздің күшіміз бірлікте» атты фестиваль өтті. Оқу жылының басында Достық үйінің әкімшілігі «Достық» клубының ашылу рәсіміне қатысқан. Сол кезден бастап мектептің ұжымдары игі істерді жасай бастады. Бұл фестиваль – Достық үйінің этномәдени бірлестік мүшелері және мектеп оқушыларының бірігіп жұмыс атқару нәтижесі болып табылады. Мектеп оқушылары мұғалімдері және ата – аналарымен бірігіп Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы, ұлттық тағамдарының ерекшеліктері, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптары жайлы зерттеу жобасын жүргізді. Фестивальда осы уақыт аралығында істелген жұмыстың қорытындысы айтылды. Орындар белгіленіп, мадақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді. Ең басты байлық – ол ұлттық рух пен көпұлтты билер мен әндердің бейнесі. Ұлттық тағамдар көрмесі. Өте тамаша шыққан! Оқушылар өздерінің жеткен жетістіктерін қабырға газеті, бейне клиптерімен, слайд – шоу, Шығыс Қазақстанда тұратын әр түрлі этностардың базарлықтары мен ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын дайындау арқылы өздерінің шеберліктерін көрсетті. Фестиваль Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлттардың би қойылымымын аяқталды. Достық үйінің украин, белорусс, әзірбайжан, неміс ЭМБ мүшелері фестивальдің қадірлі қонақтар болды және мектеп мұғалімдерін жоғары бағалады. Бірлескен ел болсақ – алынбайтын қамал жоқ! Облыстық Достық үйі