28-02-2022
Дәрігерлер - біздің денсаулығымыздың сақшысы. Олар өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын ізгі ниетті жандар. Олардың еткен еңбегі, төккен тері - біздің жарқын болашағымыздың кепілі.
Алғыс айту күні қарсаңында Достық үйі қайырымдылық акциясына бастамашылық етті, акция аясында "Ассамблея жастары" ұйымының мүшелері Өскемен қаласының 1-ші қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігерлеріне құрмет көрсетіп, ризашылықтарын білдірді.
Жас энтузиастар медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтып, «Үлкен рахмет!» деген жазулары бар тәттілерді мен лебіз хаттарды тарту етті.
"Дәрігерлер - қауіпті пандемиямен күн-түн демей күресіп жүрген адамдар. Төтенше Жағдай кезінде қазақстандықтардың денсаулығы үшін қажымай жұмыс істеді. Олардың ерен еңбектерін, ерліктерін біз назардан тыс қалдыра алмадық. Қайырымдылық акциясы – медицина саласы қызметкерлерінің көңіл-күйін көтерудің тамаша тәсілі" дейді белсенділердің бірі.
Медицина қызметкерлері қарапайым жұмыс күнінің осындай игі іспен басталғанына, жылулыққа толы болғанына қуанды. "Еңбегімізді елеп-ескеріп, жылы сөз айтып, жанымызды жадыратқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз» дейді аға медбике Юлия Владимировна.