04-10-2022
2022 жыл көптеген этномәдени бірлестіктер үшін мерейтойлық жыл, оның ішінде 20 жылдығын тойлап жатқан армяндық бірлестігі. Достық үйінде мерейтойға арналған мерекелік концерт өтті.
Шарада бірлестіктің құрылу және қалыптасу тарихы, сондай-ақ осы үдерісте үлкен рөл атқарған тұлғалар туралы айтылды. Бірлестік бүгінде Степанян Анушаван Араевичтің төрағалығымен өсіп, дамып келеді, бұл жан бірлестікке жақсылық жасау үшін және жерлестері армян этносының дәстүрлерінің қаншалықты қызықты және көп қырлы екенін ұмытпауы үшін бәрін жасауда.
«Ата-баба мәдениетіне тағзым заманмен ұштасып, заман көшіне ілесіп, бабалар өсиетін ұлықтау – армян мәдени орталығының ұраны», - дейді төраға.
Мерейтойлық мереке тағы 2 айтулы оқиғаны біріктірді - Республикадағы тұңғыш Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының құрылғанына 30 жыл және Қарттар күні. Мереке барысында Армян орталығының мүшелеріне, белсенділеріне және дана тәлімгерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Армян орталығын мерейтойымен құттықтауға көптеген этностар жиналды, бұл таңқаларлық емес, өйткені Достық үйінің болуының мақсаты – этностарды қолдау және өзара әрекет жасау. Концерттік бағдарлама дәстүрлі түрде жарқын әрі мазмұнды болды. Әуезді әндер, жігерлі билер мен патриоттық өлеңдер арасында армянның ұлттық мерекелері, мысалы: «Трндез», «Ана және сұлулық күні» және тағы басқалары жайлы айтылды.
«30 жыл бойы біздің Достық үйі миниатюрадағы көпұлтты Қазақстанның белгісі болуда. Бұл этностардың үлкен тату отбасы екендігінен хабар шертеді. Ал бүгін, құрметті көрермендер, сіздер армян этносының мәдениетін сезіне білдіңіздер, армян халқының жан дүниесіне жақындай алдыңыздар», - деп түйіндеді шараны ұйымдастырушылар.