01-09-2022
Бүгін Қазақстан халқы үшін маңызды күн. Республика Президенті кезекті жолдауын жария етті. Айтылған ақпараттарды ерекше ықыласпен тыңдадым. Мемлекет басшысымен өткен «онлайн кездесу» өзіндік рөл атқарып, пайдалы қорытындылар пайымдауға себеп болды.
Жолдау, әдеттегідей, ақпараттық мазмұндылығымен және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларын қамтығандығымен есте қалды. Түйгенім барлығымыз өз кезегімізде татулық, келісім мен бірлік табысқа жетуде адал көмекші қызметін атқаратынын ұмытпауымыз керек!