06-10-2014

"Cалауатты өмір үшін" атты open-air спорттық биі шарасы

           27 қыркүйек күні Ертіс жағалауында орналасқан амфитеатрда облыстық Достық үйі мен "Ынтымақ-Содружество" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Этномәдени бірлестіктердің жастары салауатты өмір үшін" атты open-air спорттық би шарасы өтті. Шараны өткізудегі мақсат жастар арасында спорт мәдениетін дамыту әрі насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілік сезімді және патриоттық тәрбиені арттыру, тәуелсіз қазақ елінің жеткен жетістіктерін ары қарай дамыту, бірлігін нығайту, достық пен тұрақтылықты сақтау болып табылады. Шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің жастар өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, қала мектептерінің оқушылары мен жастары қатысты. Олар түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, жиналған жастардың көңілдерін бір серпілтті. Сондай-ақ, йога, сальса, зумба, бачата көрсетіп, "Fit class-тан" шеберлік сыныбын өткізді.