«Вайнах» ансамблі Қостанай қаласында

04-09-2017

«Вайнах» ансамблі Қостанай қаласында

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының  «Вайнах» хореографиялық ансамблі  Қостанай қаласында үшінші рет ұйымдастырылып отырған  "Кавказ мәдениеті" фестиваліне қатыстып қайтты. 26 адамнан құралған делегацияға «Вайнах» хореографиялық ансамблінің жетекшісі Юнусов Равиль  жетекшілік етті. Фестивалға қатысушылар өз өнерлерін қазылар  алдында барынша паш етті. Әсіресе, Өскемен қаласынан барған «Вайнах» хореографиялық ансамблі «Лезгинка» биін билегенде көрермен  қауым ыстық ықыласпен қабыл алды. Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттармен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, «Вайнах ансамблінің мүшелері Астана қаласына саяхаттап, «ЭКСПО-2017» ұлттық көрмесін тамашалады.