«Әлем тазалығы өз қолыңда»

09-08-2021

«Әлем тазалығы өз қолыңда»

Адамзат үшін жер бетіндегі ең маңыздысы бұл-табиғат, ал адам-табиғаттың кішкене бөлігі. Әр адам табиғат пен оны қоршаған ортасы үшін жауап береді.

Өскелең ұрпақтың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 25 шілде күні Бесқарағай аудандық Достық үйінің волонтерлары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем тазалығы өз қолыңда» акциясын өткізді.

Акция экологиялық сипатта және адамдарды қоршаған ортаны қорғау ісінде біріктіруге, қоғамның назарын экология мәселелеріне аударуға, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауына бағытталған. Іс-шара барысында «Яр» демалыс аймағының аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді. Волонтерлер қоқыстарды, бұтақтарды жинап, тастарды алып, аумақты ретке келтірді.

Біздің волонтерлердің белсенді қоғамдық өмірінде, ауа-райының өзгеруіне қарамастан, мұндай акцияларды тұрақты өткізіп тұратынына ризашылығымызды білдіреміз. Жыл басынан бері осындай 5 акция өткізілді.

Құрметті жерлестер, табиғатты құрметтейік және оны болашақ ұрпақ үшін сақтайық, өйткені табиғат – еліміздің басты байлығының бірі. Қоршаған ортаның тазалығына мұқият болыңыз және қоқысты жинап, демалыс орнында қалдырмаңыз.