27-01-2021
2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы екені баршамызға мәлім. «Ардагерлерді ардақтайық» ұйымының белсенділері Катон-Қарағай ауданының Достық үйімен бірге мерейтойлық жылдың құрметіне «Этно book» орталығының ашылуына бастамашылық етті.
Тәуелсіз Қазақстан аумағында тұратын әрбір этностың ана тілін үйренуі, құрметтеуі және жаңғыртуы «Этно book» орталығының артқан мақсаты болды.
- Бұл сиқырлы бұрыш кітаптармен толықтырылады, айтпақшы, оны үйге алып, оқуға да болады. Кітаптармен алмасу біздің ауданымыздың тұрғындары үшін тұрақты хоббиі болғанын қалаймыз, - деп Катон-Қарағай ауданының Достық үйінің директоры Наталья Гостеева өз пікірімен бөлісті.
Сондай-ақ, пандемия жағдайында белсенді «Ұзақ өмір сүру орталығының» өкілдері Катон-Қарағай ауданының жастарымен этно бұрыштан оқылған кітаптарға шолу жасау бойынша онлайн-кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Ашылған орталық Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Василий Шукшиннің тамаша кітаптарымен, татар, орыс, қазақ халық ертегілерімен толықтырылды.