03-11-2022
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жастарға арналған коворкинг орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Жақында өскелең ұрпақ өкілдеріне кезекті жиын аясында фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Дегенмен шараның басты мақсаты жай ғана көңілді уақыт өткізу емес, сонымен қатар шетел тілі саласындағы білім жетілдіру болды, өйткені фильм ағылшын тілінде көрсетілді.
Фильмді тамашалаған жастар сюжетті және ең қызықты сәттерді ұзақ талқылады. Қызу пікірталас болды. Жастар өз қиялдарының мүмкіндіктерін көрсетіп, фильмде көрініс тапқан оқиғалар басқаша шықса, не болатындығын елестетті.
«Ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Мен бұл кешті пайдалы әрі көңілді өткізе алдым. Мен фильмдер қарағанды ұнатамын, көруді тілдік жаттығулармен үйлестірсек, бұл екі жақты пайдалы зат», - деп өз ойымен бөлісті шараға қатысушыларының бірі.