Дәстүрлі әндер орындалды

15-04-2018

Дәстүрлі әндер орындалды

Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Белорус этномәдени бірлестігінің есептік концерті өтті.

Концерт екі бөлімнен құралды, бірінші бөлімінде белорус халқының дәстүрлі әндері мен халықтық билері орындалып көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ал екінші бөлімінде белорус халқының келін түсіру, қыз ұзату кезінде жасалатын рәсімдерін шағын саханалық қойылым арқылы көрерменге жеткізуге тырысты. Қыз ұзатып келін түсіру кезінде,үйлену тойына құдалықтан бастап сенбіде жиналу, күйеу жігіт пен қалыңдықты ашытқыға отырғызу, бұрымды тарқату және сатып алу, қалыңдықты күйеу жігіттің үйіне шығарып салу , арнайы каравай, яғни кесек нан пісіру сынды дәстүрлі рәсімдер жасалады.