11-06-2018
Ағымдағы жылдың 11 маусымы күні аудандық Достық үйінде Борас орта мектеп-бақшасының "Күншуақ " лагерінің балалары қонақта болды, мұнда олар үшін танымдық «Тату өмір сүрейік!» атты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.
Іс-шараның мақсаты балаларға достықты бағалай білуді үйрету, жақын адамдарға қамқорлық жасау. Балалар достық туралы өз түсініктерімен бөлісті, достықтың ережелерімен танысты, ізгілікке талпыну, бір-бірін түсіну, барлық айналадағы адамдармен жақын қарым-қатынастар және туыстармен жылы жүздесуді үйренді.
Бағдарлама барысында Достық үйіне экскурсия жүргізілді, онда балалар әр ұлыстардың мәдениетімен және тұрмыс – тіршілігімен танысты. Балалар сурет салу сайысына қатысып, караокемен достық туралы әндерді шырқады, "Кот Леопольд"атты мультфильм көрсетілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға тату бола білгені үшін диплом және тәттілер таратылды.