06-07-2018
6 шілдеде Достық үйінде - қоғамдық келісім орталығында, Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік гала-концерт өтті. Кешті «Жайна Қазақстан» әнімен өңірімізге белгілі әнші Влад Лоскутов ашса, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің Л.Б.Шик және этномәдени бірлестік жетекшілері қала тұрғындарымен мерекеге қатысушы қонақтарды Астана қаласының 20 жылдық мерей тойымен құттықтады. Шараға қатысушылар «Арабеск», «Вайнах», «Еркетай», және «Барвинок» ансамблдерінің өнерлерін тамашаласа, жас әншілер Махсатова Айя, Калиева Амангайша, Хуанбай Жұмахан кештің көркін одан сайын қыздыра түсті. Концерт барысында көрермендерге Астанаға байланысты сұрақтар қойылып жеңінпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы күні Астананың екі құрдасын - 2018 жылы 6 шілдеде 20 жасқа толған ұл мен қызды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының кәдесыйларын табыстады.