Алғыс айту күні аталып өтті

01-03-2019

Алғыс айту күні аталып өтті

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Алғыс айту күні кең көлемде тойланды. 1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні, бір-біріне және қазақ халқына барлық этнос өкілдерінің Алғыс күні мерекесі - жақсы дәстүрге айналды.
Алғыс күнінің басты мақсаты - жас ұрпаққа толеранттылық, достық пен бір-біріне құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланыстарды нығайту, еліміздің дамуына негіз болатын ел Президентінің идеялары мен саясатын насихаттау.
Игі дәстүр бойынша, бұл мереке жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтіледі. Оған облыстың мәдениет, білім беру, Достық үйлер, этномәдени бірлестіктер және облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық институттары қатысты.
Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіпова сөз сөйлеп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
- Міне төрт жыл бойы Қазақстан халқы 1 наурыз - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығы бойынша, қазақ халқына және бір-біріне алғыс айта отырып, Алғыс күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында,1 наурызды мерекелік күн ретінде тойлауды бекітті. Бұл күн бүкіл қазақстандықтар үшін, мейірімділік, достық пен бірліктің жарқын мерекесі болып табылады, - деді Ә.Б. Нүсіпова.
Мереке қонақтары мен қатысушыларына облыстық тарихи өлкетану мұражайының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме, Қазақстанға қоныс аударылған корей, неміс, шешен халықтардың өкілдеріне арналды. Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасы тарихтан сыр шертетін әдеби туындыларды көрмеге ұсынды. Сонымен қатар, танымал шебер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Асылбай Абылайханның жасаған бірегей бұйымдары шара қонақтарының қызығушылығын тудырды. 
Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға, рухани мәдениетті дамытуда қосқан үлесі үшін салтанатты шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медальдарымен - танымал ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, «Шығыс Қазақстан - Еуразия жүрегі» монументалды шығармасының авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Өскемен және Хошимин (Вьетнам) қаласының Құрметті Азаматы Щербаков Борис Васильевич және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлттық бірлік және келісім - Рухани жаңғыру негіздері» облыстық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификатпен марапатталды.
Іс-шара соңы Алғыс күніне арналған мерекелік концертке ұласты.