02-03-2018
Жыл сайын Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні ретінде мерекеленеді.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдығына орай Бородулиха ауданының тұрғындарына Достық үйінің ұжымы мен белсенділері «Благодарим мы землю Казахстана» атты концерттік бағдарламаны дайындап, өткізді.
Көрермендерге концерттік бағдарламада Қазақстанда тұратын әртүрлі халықтардың әндері мен өлендері ұсынылды.
Курчатов қаласының Достық үйінің ұжымы мен белсенділері Бородулиха ауданның Достық үйіне ат басын бұрды.