27-02-2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу мақсатында 2018 жылдың 27 ақпаны күні Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған концерттік бағдарламасы өтті.
Бұл іс-шараға этномәдени бірлестіктері, Аналар кеңесінің және қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.
Қалалық кітапхана «Алғысым шексіз халқыма» атты кітап көрмесін ұсынды.
Достық үйі