Қазақстан халқының рухани келісім күні

19-10-2018

Қазақстан халқының рухани келісім күні

Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқының рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Мақсаты еліміздегі ұлт пен ұлыстар арасындағы сыйластық пен келісімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды, барлық діни сенімдер мен конфессияларға деген құрметті насихаттау болды. Дөңгелек үстел жұмысына ШҚО ҚХА, ШҚО қоғамдық институттарының және этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
- Қазақстан халқының рухани келісім күнін атап өтудің көпұлтты еліміздің халқы үшін үлкен саяси және тәрбиелік маңызы зор екендігіне тоқталып, «Біздің еліміз өз тәуелсіздігінің 26-шы жылында елімізді мекендеген ұлт пен ұлыстардың арасындағы достық пен сыйластық қарым-қатынастарды сақтап келе жатқан мемлекеттің озық үлгісі болып келеді, - деді Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жігітаев Тимур Мамырқанұлы. Бұл іс-шара рухани-адамгершілік тәрбие беру, және осы бағытта туындайтын проблемаларды қозғап, жүйелі ойлар айтылған жақсы мәжіліс ретінде қонақтардың қызығушылығын тудырып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берген игі кездесулердің бірі болды.