01-05-2019
1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығында ауқымды іс –шаралар өтті. Мерекелік шараға қатысыушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабының төрағасы Равиль Александрович құттықтады. Достық үйінің алаңында «Халыққатр достығы» деген атаумен флешмоб өтті. Флешмобқа этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қатысты. Сонымен қатар «Бірлік, Достық, Қазақстан» тақырыбында балалар арасында сурет салудан байқауы өтті. Мерекелік шара әрмен қарай қала тұрғындары мен қонақтарына арналған этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдардың мерекелік концертіне ұласты. Еліміздегі татулық пен бірліктің басқаға емес, ең алдымен қазақтың өзіне керектігін күні кеше ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы - тағы бір мәрте назар аударған еді. «Ассамблеяның ең басты міндеті еліміздегі қоғамдық келісім болып саналады. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісімнің алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстағанымыз абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек», - деген еді Н. Назарбаев. Осыны есте ұстаған абзалырақ. Түптеп келгенде, 1 Мамыр мерекесі елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашуда.