09-09-2022
Жан-жақты дамыған тұлғаның сауатты болуы мүмкін емес. Бұл дағды басқалармен көп араласатын, ғылымда, журналистикада, педагогикада және басқа да көптеген салаларда жұмыс істейтін адамдарға өте қажет. Себебі өзіңіз үшін және өз мәртебеңіз үшін сауатты болудың пайдасы зор.
Жыл сайын атап өтілетін Халықаралық сауат ашу күні мерекесінің пайда болғандығы бізді қуантады.
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» бұл күн мазмұнды, белсенді және қызықты өтті. Сауат ашу күніне арналған шараға ШҚО Жастары ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар және барша жұртшылық қатысты. Мерекелік шараның құрметті қонағы РФ Өскемендегі Бас консулдығының вице-консулы Александр Андреевич Дьяченко болып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Кіріспеден кейін жеребе тартылды, соның арқасында қатысушылар командаларға бөлініп, квест-шытырман ойынын бастады. Қатысушылар әртүрлі тақырыптық бөлмелерге шолу жасап, тапсырмаларды орындап, білімдерін көрсетті. Олар үтірлерді сөйлемнің дұрыс бөлігіне енгізуге көмектесті, дұрыс әріптерді енгізді, логикалық түрде аяқталған ауызша конструкцияларды жөндеп, тапсырмалар орындады.
Квест бойынша қажетті ережелерді еске түсірген қатысушылар шара соңынан ерекше ынтамен диктант жазды.
Барлық тапсырмалар артта қалғанда ең қызықты сәт – марапаттау рәсімі келіп жетті. «Сауатты жастар» сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
«Сауаттылыққк қызығушылық танытқандарыңыз үшін рахмет және дұрыс сөйлеп, жазып қана қоймай, кез келген мәселенің шешіміне сауаттылықпен қарауларыңызды тілеймін. Өздеріңіздің тамаша өмірлеріңіз жайлы қатесіз және дақсыз әңгіме жаза біліңіз!», - деп шараны аяқтады «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығының» басшысы Вера Правдина.