10-12-2018
2018 жылдың 8 желтоқсанында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «День матери-казачки» атты концерт өтті.
Іс-шара Қазақстанның рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
Концерт Жоғарғы Ертіс орыс казак қауымдастығы, Ермак Тимофеевич казак қауымдастығы және облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.
Мерекелік концертке біздің облыстың түрлі өнер ұжымдары қатысты. Шарада халық әндерін орындаған «Светлый путь» (Белоусовка а.), «Родная станица» және «Реченька» (Новая Бухтарма а.), «Берегиня» (Риддер қ.), «Станица» (Шемонаиха қ.), «Сударушка», «Русская песня», «Свиточ», «Подружки» (Зыряновск қ.) ансамбілдері және жеке орындаушылар Л. Берещенко (Новая Бухтарма а.), Е. Бирюкова өнер көрсетті. Ал «Арабеск» және «Непоседы» хореографиялық ансамбілдері украин және орыс лирикалық биден шашу шашты.