16-05-2022
Шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінде 30 жылдан бері «Вайнах» хореографиялық би тобы жұмыс істейді. Республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүрген «Вайнах» ансамблі қайырымдылық іс-шараларына жиі қатысады. Ансамбль шәкірттері шешен және ингуш халықтарының мәдениетін сақтап, құндылықтарын дәріптейді.
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында шешен мен ингуш халқының құндылықтарын көрсететін «День мира» атты концерт өтті.
Шара барысында келгее қонақтар «Вайнах» шығармашылық ұжымының қатысуымен қызықты концерттік бағдарламаны тамашалауға мүмкіндік алды. Кавказ билері қайталанбас ұлттық бояумен, темпераментпен және орындау шеберлігінің қайталанбас сипатымен қаныққан.
Көрермендер нағыз жалынды билерді тамашалай алды. Мұндай бағдарламаны көрермендерден байқалған ерекше атмосфера ұжым әртістерін бұдан да үлкен шығармашылық ынта-жігерге толтырып, шабыттандырды.
Есеп беру концертінің соңында хореографиялық ансамбль дәстүрлі «Ловзар» ұйымдастырып, бишілер көрермендерді шеберлігімен тәнті етті.
- Мен өнерпаздарға тәнті болдым, жастарымыздың салт-дәстүрді қастерлеп, есте ұстайтынына өте қуаныштымын. Осындай жарқын эмоциялар сыйлағандарыңыз үшін рахмет!, - деп бөлісті іс-шара қонағы.