Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дағы Ашық есік күні

16-05-2018

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дағы Ашық есік күні

2018 жылдың 15 мамыры күні ШҚО ҚХА мүшелері және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Шет ел азаматтарын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқытуға тарту мақсатында ШҚО ҚХА-мен ынтымақтастық жасасу» конференциясы өтті.

Бірлескен отырысқа қатысушылар үшін  университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтарға Евгени Духановтың авторлық фото көрсемі, университеттің ғылыми-зерттеу кешендерін: "Металлургия және материалтану" ғылыми-өндірістік кешенін, «Іргетас» аймақтық зертханасы мен тәжірибелі-өндірістік учаскелерді және т.б. зертханалармен таныстырды.

Дөңгелек үстелдегі отырысы барысында университеттің
Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Сауле Жадыгеровна Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жүйесі жайлы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік Техникалық университетінің даму бағдарламасымен алға қойған міндет, мақтаттары туралы қысқаша айтып өтті.

- Көптеген шығысқазақстандықтар Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ біздің өңіріміздің бренді екенін мойындайды, - деді Шығыс Қазақстан облысы ҚХА Хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев. - Тәуелсіздік жылдарында бұл оқу орнының мәртебесі арта түсті, ал қазір алға қарай жүріп жатыр. Шетелдік студенттерді оқыту үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сіздерге әрі қарай кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін.