Қарттар күні даналық пен мейірім мерекесі

30-09-2024

Қарттар күні даналық пен мейірім мерекесі

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Халықаралық Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, қарияларымызға құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік жиында этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көрермендерді тамсандырды. Әсіресе, ұлттар достығын паш ететін әсем әндер мен ұлттық билер қонақтардың жүрегінен орын тапты. Іс-шара қатысушылары қарияларымызға алғыс білдіріп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Бұл күн қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен даналығын дәріптеп, оларға деген құрмет пен қамқорлықты еске салатын ерекше мереке. Осындай іс-шаралар бірлік пен татулықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра түседі.