Ұлы жеңіс күні

11-05-2022

Ұлы жеңіс күні

9 мамыр күні «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында» Ұлы жеңіс күні атап өтілді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Өскелең ұрпаққа бейбіт өмір, тыныш заман сыйлаған қарт жауынгерлерден бастап әскери сала ардагерлері мен қызметкерлеріне дейін құрмет көрсетіліп, алғысқа бөленді.

Шара барысында өнерпаздар Отан, туған жер тақырыбында  әндер шырқап,  көпшілікті патриоттық рухқа бөледі. Қонақтарға арналған мерекелік бағдарлама көптің көңілінен шықты. Мереке соңында ардагерлерге гүл шоқтары табысталынды. 

«Жеңіс күні аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік елде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл аға буынның жан қияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Мереке қарсаңында осындай іс-шара ұйымдастырып жатқан ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз» деп өз ойымен бөлісті шара қатысушысы.