Қазақстан халқының тілдерінің күні

05-09-2022

Қазақстан халқының тілдерінің күні

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. Олардың әрқайсысының қайталанбас рухани және материалдық мәдениеті, өзіндік тарихы, дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар.

Қыркүйек айында Қазақстанда дәстүрлі түрде Қазақстан халқының тілдері күні атап өтіледі. Мерекенің мақсаты – көпұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен бірге бүкіл халықтың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Тілдер, мәдениеттер бірлігі – егеменді республиканың құдіреті, болашағыңды құра алатын монолит. Сондықтан қазіргі жастар бірнеше тілді меңгеруі керек.

Қазақстан халқының тілдері күні елімізде тарихи қалыптасқан этносаралық қатынастар үлгісінің көрінісіне айналды. Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісім саясаты мемлекеттік деңгейде жүргізіліп, заңмен бекітілген. Сіздерді «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» атынан осы мерекемен құттықтаймыз!