Халықаралық балаларды қорғау күні Достық үйінде тойланды

01-06-2018

Халықаралық балаларды қорғау күні Достық үйінде тойланды

1 маусым күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мекересі кең көлемде тойланды.  Балаларға көңілді қуаныш сыйлаған мерекелік іс-шарада ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен бүлдіршіндерді шын жүрекпен құттықтап, бүгінде балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, азат елдің озат ойлы азаматы атануына барлық жағдайдың жасалғандығын жеткізді. Шара барысында сурет салу, би билеу байқаулары мерекенің ажарын аша түсті. Сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған ойын-сауық іс-шарасында мультфилім кейіпкерлері бүлдіршіндерге әр түрлі ойындар ойнатып, арасында белсенді қатысқандарға сыйлықтар таратты. Шара соңында бүлдіршіндерге балмұздақтар таратылып, салтанатты іс-шараға жиналған халық көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.