05-06-2018
5 маусым күні Қоршаған ортаны қорғау күніне орай Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Шара барысында көрермендер үшін экология тақырыбына арналған викторина өткізілді. Викторинаның шешімі бойынша бүлдіршіндердің басым бөлігі эколог болғысы келетіндігі белгілі болды.
«Экознайка 2018» байқауына қатысқан балабақшалардың және №6 орта мектептің тәрбиеленушілері мадақтама қағаздармен марапатталды.
Сондай ақ шара барысында жас отбасылар арасында экологиялық байқау ұйымдастырылды. Онда үш отбасы қатысып, көрермендердің шешімі бойынша бірлік пен татулық жеңді.