28-06-2018
28 маусым Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бірқатар журналистерге құрмет көрсетілді. Шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының мүшелері, республикалық және аймақтық телеарналармен газеттердің тілшілері қатысты. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев тілшілер қауым төл мерекелерімен құттықтап, Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекет саясатын насихаттауда ақпараттық қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыстады.