07-07-2019
Нұр – сұлтан қаласы күніне орай бүгін «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы»және «Шығыс Қазақстан корейлер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейінDEVAL оңалту орталығынан келген Пак Бюнг Джун, Ким Хеон Ву, Ким Джун Гю атты дәрігерлер нейрореабилитация, балалар реабилитациясы, ортопедиялық және спорттық реабилитация, физиотерапиялық процедуралар негізінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсетті.
Қабылдауға 30-дан астам адам жазылды. Олардың арасында бүлдіршіннен бастап қартқа дейінгі тұрғындарымыз Оңтүстік Кореядан келгенмедициналық мамандардан өз ден-саулықтары бойынша кеңес алып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Денсаулығын тексертуге келген Роман атты кішкентай тұрғынымыздың ата-анасы Корея дәрігерлерінің көрсеткен қызметіне риза болып өз ойларымен бөлісті. Олардың айтуынша, «өте қызықты және танымды болғанын, денсаулықтары бойынша бұрын сонды ескермеген ақауларды біліп, емдеу жолдары бойынша кенес алғанын және осы бойынша емдеу қолданатынын айта келе, осындай іс-шаралар біздің қаламызда жиі болса екен»,- деген тілектерін білдірді.
Дәрігерлер, оңалту-пациенттің және оның жақындарының төзімділігі мен табандылығын талап ететін ұзақ процесс екенін және берілген кеңестерді орындау арқылы ден-саулықты қалпына келтіруге болатынын ескертті.