14-08-2014
Дөңгелек үстел басындағы кездесу
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі Тарбағатай, Күршім аудандарында қуғын-сүргін құрбандарын еску алу күніне байланысты өткізген шараларын облыстық Достық үйінде, дөңгелек үстел басында қортындылады. Дөңгелек үстелге қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, туған-туыстары шақырылды. «Алтын арқау» ҚБ директоры Сағынбек Ақанов баяндама жасады. С. Ақанов өз баяндамасында қаншама адам жазықсыз жаланың құрбаны болғанын, қаншама отбасына қайғы-қасірет әкелгенін, Тарбағатай ауданының өзінде 81 адамның атылғанын айта келіп, осы құрбандар туралы нақты деректер, мәліметтер жинап кітап бастырып шығаруды да ұсынды.
Дөңгелек үстел басына жиналғандардың басымы сол 37-38 жылдардағы бала болса да сол кездегі оқиғаларды өз көзімен көрген ақсақалдар көптеген естелік-әңгімелерді айтта отырып, осындай қасіретті кейінгі ұрпақтың басына бермесін деген тілектерін білдірді.
Әңгіме кезінде ертеден келе жатқан жер-су аттары туралы мәселеде қозғалды. Сол жер-су аттарын жақсы білетін үлкендер бар кезде осы мәселені реттеуде айтылды.
Келген қонақтар тарапынан келесі жылы қуғын-сүргін құрбандарын еску алу күнін 31 мамырда Ақжар ауылында өткізсек деген ұсыныс айтылды және қолдау тапты. Жиын соңында қуғын-сүргін құрбандарына бағышталып құран-хатым түсірілді.