Құрметті достар, балалар және ересектер!

10-06-2021

Құрметті достар, балалар және ересектер!

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында кітапхана қорын қалыптастыру мақсатында Қазақстан халқының кітаптары мен ертегілерін жинақтау жарияланады!

Көбінесе кітаптар сөрелерде «шаң басып» жатады, егер өздеріңіз оқып қойған кітаптарыңыз бар болса, оларды біздің кітапханамызға өткізе аласыздар. Достық үйінің кітапхана қорына баға жетпес үлес қоса аласыздар. 

Кітаптар өздеріңіздің ана тілдеріңізде болуы керек. Бізге тарту етілетін әдебиетті қуана қабылдаймыз.

Кітаптарды өткізу жайлы сұрақтар бойынша дайрекке немесе мына телефондар бойынша хабарласа аласыздар: жұм. 74-14-35; ұялы 8 702 431 79 55.