Бейбітшілік және ізгілік жолымен

20-11-2017

Бейбітшілік және ізгілік жолымен

Аудандық  Достық үйінде Халықаралық түсіністік күніне арналған «Бейбітшілік және ізгілік жолымен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Этномәдени бірлестіктің мүшелері, колледж студенттерімен борас орта мектебінің оқушылары толерантттық сөзінің атауымен танысып, «Біз әртүрліміз,бірақ біргеміз» атты бейнеролик көрсетілді және ұлы адамдардың пікірлерімен  мақал-мәтелдерді еске алып, әр тілде өлеңдер айтылды. Сондай –ақ неміс мәдени орталығы «Полька» ұлттық биін үйренуден мастер класс ұйымдастырды. Осы іс-шара қатысушыларға бір-бірімен түсіністікті, адамдардың өзара қарымқатынасын  тереңінен қалыптастыруға көмектеседі.