«Бейбітшілік пен келісім жолымен»

07-12-2021

«Бейбітшілік пен келісім жолымен»

Жақында Достық үйінде көптен күткен «Бейбітшілік пен келісім жолымен» фильмінің тұсауы кесілді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған жұмыс Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен түсірілген. 5 бөлімнен тұратын Travel танымдық шоу – еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Онда Тәуелсіздің жылдары әр өнірдің мәдени – экономикалық дамуы ұсынылатын, 300 – ден астам нысан көрсетіледі. Фильмде татулықпен бірлікті ұстанатын түрлі этнос өкілдерінің 35 – тен астам сұхбаты бар. Басты кейіпкерлер көпбалалы отбасылар мен түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері.

Жалпы фильм еліміздің барлық облыстарында түсірілген. Басты мақсат еліміздің 30 жылдағы жетістігі ұлтаралық келісіммен бейбітшілікті паш ету. Фильм Шығыс Қазақстанның әр жерінде түсірілген, түрлі ұлт өкілдерін көрсете отырып, еліміздегі татулықпен берекені дәріптейді. Сондықтан- да өңірдегі тұрғындардың барлығы көруі үшін барлық мүмкіндік жасалған.

Іс – шара барысында қатысушылар жаңа кинотуындыны тамашалап қана қоймай, ғимаратта орналасқан этнокөрмені тамашалап, бірқатар ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысты.