Достастық қызметте

14-08-2014

Достастық қызметте

Облыстық Достық үйінде көгілдір экран алдында жиналған этномәдени орталықтардың жетекшілері мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері үлкен мұқиятпен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады және өз қолдауларын білдірді. Белорус этномәдени бірлестігінің жетекшісі Владимир Магазинщиков: - Міне, біз Президенттің Жолдауын тыңдадық. Мен өзім Қазақстандағы өмір сүру деңгейін жоғары деп бағалаймын. Менің басымнан соғыс, үш жыл неміс эвакуациясы өткен. Сондықтан менің жасымдағы адамдар гүлденген Қазақстанда ынтымағы жарасқан тыныштық пен бейбітшілікті қадірлейді. Әрине, Белоруссияның кедендік одақ құрамына енгені айтулы оқиға. Тауар айналымының қарқыны үлкейді. Қазақстанда өмір сүретін барша халыққа денсаулық, амандық, және ең бастысы достық тілеймін. Президент, халықтың «қызметті тастама, еңбегіңді жалғастыр» деген үндеуін қабылдағанына мен өте қуаныштымын. Облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков: - Маған Президенттің ауылды көтеру туралы сөзі шабыт берді. Біздің арамыздағылардың көбі ауылда туған, біздің туған-туыстарымыз сонда өмір сүреді, сондықтан бұл өте дұрыс шешім. Ал енді біздің жерлестеріміздің бастмасы референдум жайлы айтар болсам, біздің Ассамблея мүшелері референдумды өткізуге өз қолдарын қойды. Менің ойымша Президент бізбен келіседі, ал біз бәріміз ол үшін референдумда белсенді түрде дауыс береміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик: - Қазіргі таңда, қазақстандық қоғам бұрынғыдан да тұтас және ынтымақ. Саяси партиялар, Қазақстан халқының Ассамблеясы, мемлекеттік емес мықты сектор болып табылады, көпұлтты Қазақстан халқы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу туралы шешімнің дұрыс екеніне сенімді. Халық үлкен нәтижелерге кемеңгер, мықты, нысаналы басшымен ғана қол жеткізе алады... Өскемендегі Достық үйі Қазақстанда алғашқы болды, және оны ел Президенті Н.Назарбаев бірінші болып ашты. Құрметті қонақтар кітабына ол мынадай жазба қалдырған: «Көпұлтты Қазақстанның достығын нығайту жолында адал еңбек ететін барлық адамдарға рахмет». Облыстық Достық үйі